11.04.2018

«РАХАТ» АҚ ЖАЙ АКЦИЯЛАРЫ БОЙЫНША ДИВИДЕНД ТӨЛЕУ ТУРАЛЫ «РАХАТ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 «Рахат» АҚ 2018 жылғы 5 сәуірде өткен акционерлердің жалпы жиналысында қабылданған шешімдерге және «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 2-тармағына сәйкес жай акциялар бойынша дивиденд төлеу туралы «Рахат» АҚ акционерлеріне хабарлайды:

  1. қоғамның атауы – «Рахат» АҚ;
  2. қоғамның орналасқан жері – 050002, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Зенков к-сі, 2-а;
  3. банк деректемелері – “Банк ЦентрКредит” АҚ АҚФ, БСК KCJBKZKX;   
  4. дивиденд төленетін кезең – 2017 жыл;
  5. бір жай акцияға шаққандағы дивиденд мөлшері – 368 (үш жүз алпыс сегіз) теңге 00 тиын;
  6. дивиденд төлеудің басталу уақыты – 2018 жылғы 14 мамыр;
  7. дивиденд алуға құқылы акционерлер тізімін құру күні – 2018 жылғы 16 сәуір;
  8. дивиденд төлеу Қоғамның орналасқан жері бойынша қолма-қол төлеу немесе қолма-қол ақшасыз төлем (аударым) тәртібімен жүргізіледі;
  9. байланыс бойынша ақпарат: қабылдау бөлмесі +7(727) 258-47-11, бірлескен мәселелер жөніндегі басқарушы +7 (727) 258-47-14.