16.06.2020

Хабарлама

ХАБАРЛАМА

«Рахат» акционерлік қоғамы (бұданәрі – «Рахат» АҚ) қызметкерлердің арасында ауру белгілерінсіз “COVID-19″вирусын тасымалдаушылардың анықталуына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында компанияның өндірістік қызметінің 2020 жылғы 23 маусымға дейін тоқтатылғанын хабарлайды.

Осы шешімнің негізінде “Рахат” АҚ өз акционерлеріне атқару органының орналасқан жері (A25T0D2, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Зенков к-сі, 2-а) бойынша компанияның жай акциялары бойынша қолма-қол ақшалай түрінде  дивиденд төлеудің 2020 жылғы 01 шілдеге дейін тоқтатылғаны туралы хабарлайды.

“Рахат” АҚ-тың акционері компанияның жай акциялары бойынша төленетін дивидендіні қолма-қол ақшасыз төлеу әдісімен, яғни дивиденд төлеу туралы алдыңғы хабарламада көрсетілген түрде алғысы келген жағдайда, дивидендіні аудару туралы өтінішті, банк шоты туралы анықтаманы (түпнұсқасын) және жеке куәліктің көшірмесін тапсыруы қажет. Аталған құжаттарды пошта құралдары арқылы “Рахат” АҚ, A25T0D2, Қазақстан, Алматы қаласы, Зенков к-сі, 2-а мекенжайы бойынша жіберуге болады.

Ақпараттық байланыс:            

Корпоративтікмәселелер (сұрақтар) бойынша байланыс телефонының нөмірі: +7 (702) 5834044.