01.06.2010

«Балалар әлемі» сегізінші фестивалі

Іле ауданының Қараой ауылында 2010ж. 1 маусымда «Болашақ» балалар-жасөспірімдер клубтарының Мемлекеттік «Балалар әлемі»_1 емес қоғамдық бірлестігінің бастамасы бойынша «Балалар әлемі» сегізінші фестивалі өтті.

Фестивальге 2000-ға жуық бала қатысты. «Былғары доп» футбол турнирі, «Әлемге балалар көзімен қарағанда» тақырыбында асфальтқа сурет салу байқауы, спорттық брейк-данс биі байқауы,«Балалар әлемі»_2 ән мен би байқауы, «Көңілді старттар» және «Батпырауық» байқауы фестиваль«Балалар әлемі»_3 бағдарламасының мазмұнын құрады.

Марапаттау әрбір атау бойынша бөлек және жалпы командалық есеп бойынша жүргізілді. Фестивальдың әр қатысушысы «Рахат» кондитерлік фабрикасынан тәтті сыйлықтар алды. Бұл – фестивальді қолдау мақсатында жетінші рет жүргізілген қайырымдылық акциясы.

Special Olympics «Special Olympics Kazakhstan» Алматы  Special Olympics филиалы «Рахат» АҚ қолдауымен Орталық мәдениет және демалыс саябағында спорттық және ойын-сауық шараларын өткізді.

Жарыстар аяқталғаннан кейін барлық жас қатысушылар «Рахат» АҚ-нан тәтті сыйлықтар алды.