Іріктеу кезеңдері

Егер Сіз біздің тобымызға қосылғыңыз келсе, онда іріктеу кезеңдеріне назар аударуыңызды өтінеміз.

Басшымен әңгімелесу

Компанияда үміткерді қабылдау туралы алқалық шешім шығаратын тәжірибе жолға қойылған, сондықтан іріктеу процесі кезінде бірнеше кездесу өткізілуі, яғни бос жұмыс орны ашылған бөлімнің бастығымен, қызметкерлер жөніндегі бөлімнің мамандарымен, қажет болған жағдайда жоғарғы деңгейдегі басшымен және өзара ортақ жұмыспен жиірек байланыста болатын бөлімшелердегі әріптестермен сұхбаттасуыңыз мүмкін.

Егер Сіздің резюмеңіз бізді қызықтырса, онда Сізді бос жұмыс орны бар бөлімнің бастығымен әңгімелесуге шақырамыз. Әңгімелесу барысында Сіздің негіздемелеріңіздің  деңгейі  мен  жеке сапалық қасиеттеріңіз сараланып, кәсіби дайындығыңызға жалпы баға қойылады.

Сұхбаттасу – екіжақты процесс. Әлеуетті басшымен және әріптестермен кездескен кезде қоятын сұрақтарыңызды алдын ала дайындап алғаныңыз жөн, себебі Біз ұсынатын болашақ жұмысыңыз, міндеттеріңіздің аясы мен алғышарттары туралы біліп, бекем ой қорытудың  біз үшін маңызы зор.   

Қызметкерлермен  жұмыс  жөніндегі  бөлім қызметкерлерімен әңгімелесу  және  тестілеуден  өту

Біздің компаниямыздағы қызметкерлерді іріктеу жұмысы кезеңдерінің бірі – үміткерлерді тестілеуден өткізу. Бұлар –  санмен  және  сөзбен берілген ақпаратты  қабылдау деңгейін тексеру мақсатында қолданылып жүрген тестілер, абстрактылы-логикалық тапсырмалар, сонымен қатар Сіздің жеке тұлғалық, сапалық  қасиеттеріңізді бағалауға арналған сұрақтар. Соңғы сұрақтар Сізді жеке тұлға ретінде жақсырақ білуімізге, Сіздің мінез-құлқыңыздың типін, сөйлесу, басқалармен қарым-қатынас жасау  мәнеріңіз  бен  адамгершілік қасиеттеріңізді бағалауға бағытталған.

Тестілеу ауқымды сұрақтар жиынтығынан тұрады. Орташа алғанда тестілеу ұзақтығы 1-1,5 сағат уақытқа созылатындықтан, бұған дайын болғаныңыз жөн.

Әңгімелесу аясында біздің қалай жұмыс істейтінімізді және талапкерлерге қандай басымдық берілетінін сұрап білуге болады.

Жұмыс туралы ұсыныс жасау

Егер іріктеудің барлық кезеңдерінен жақсы өткен болсаңыз, Сізге «Рахат» АҚ-ында жұмыс істеуге ұсыныс жасалады.

Сіз қалайтын мамандыққа байланысты бос жұмыс орнына тілек білдіру мен жұмысқа қабылдану туралы ұсыныс алудың арасындағы кезең 7 күннен 2 айға дейінгі мерзімді қамтиды.

Жұмысқа шығар алдында Сіз кәсіпорынның медициналық орталығындағы  дәрігерлік комиссиядан өтуіңіз қажет.

Біз «Рахат» АҚ-ында жұмыс істеу туралы ұсыныстың жай ғана жұмыс туралы ұсыныстан маңыздырақ екеніне сенеміз. Бәріміз бірге Сіздің компаниядағы қызмет бойынша өсу жолыңыздың бастамасын барынша қолдауға ұмтыламыз.