01.10.2013

Дәстүр

«Рахат» акционерлік қоғамының әлеуметтік өмірін бүгінгі кәсіпорынның кемелденуіне үлес қосып, еңбегімен еленген зейнеткерлер мен ардагерлерге деген ілтипат пен қамқорлықсыз елестетету мүмкін емес. Құрметке лайықты тұлғалар Фабрикада шынайы ықыласқа бөленуде. «Рахат» акционерлік қоғамының 500-ге тарта зейнеткеріне 1 қазанда аталып өтетін Халықаралық Қарттар күні қарсаңында мерекелік дастарханға көрік беретін арнайы кондитерлік өнімдер жиынтығы тарту етілді.

Бүгінде еңбегінің зейнетін көріп отырған жұмыскерлерге Қарттар күні қарсаңында «Рахат» акционерлік қоғамы тарапынан қолдау таныту дәстүрге айналғалы қашан! Бұл мереке – өз кәсіпорнының, жалпы қаланың және елдің дамуына қосқан үлестері, сіңірген еңбегі, толымды тәжірибесі мен биік парасаттылығы үшін зейнеткерлерге, соғыс және еңбек ардагерлері мен барша қарт адамдарға жылы лебіз білдіріп, ыстық ықылас танытатын шуақты мереке.

Бұған қоса Алматы кондитерлері Медеу аудандық Ардагерлер кеңесінің мүшелеріне мерекелік тәтті жиынтықтар сыйлады.