10.04.2018

«РАХАТ» АҚ «ХАЛАЛ» СТАНДАРТЫНА СӘЙКЕСТІКТІ РАСТАУ БОЙЫНША ҚАЙТА СЕРТИФИКАТТАУДАН СӘТТІ ӨТТІ

«Қазақстанның халал индустриясы» қауымдастығы шоколад өндіруде қолданылатын жартылай дайын өнімдердің, сонымен қатар шоколад, кәмпит, карамель, печенье, ирис, вафля сияқты «Рахат» АҚ-ының 178 өнімі атауының «Халал» стандарты талаптарына сәйкестігін растады. Қауымдастық сарапшылары Шымкенттегі кәсіпорынмен, «Рахат» АҚ барлық  өндіріс сатысын тексерді.

Кондитерлік өнімдерді өндіруге арналған шикізат пен ингредиенттер құжаттамасына егжей-тегжейлі талдау жасалды.

2018 жылы 28 наурызда қолданыс мерзімі 2019 жылғы 27 наурызға  дейін белгіленген  № 472 сертификат берілді.