21.01.2019

ЕНШІЛЕС ҰЙЫМДАР ТУРАЛЫ

Осы хабарлама арқылы “Рахат” АҚ  2019ж. 10 қаңтарда Алматы қ. Әділет департаментінің Түрксіб аудандық Әділет басқармасында «Рахат» АҚ – ның 100%  қатысуымен еншілес ұйымы – «Рахат сауда үйі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің  қызметі тоқтатуы тіркелгені туралы хабарлайды.

Аталған еншілес ұйым дербес құрылым ретінде сауда-саттық қызметін жүргізу мақсатында 2011 жылы құрылған, алайда экономикалық  тиімсіздігінен бұл құрылым қызметін жүзеге асырмады. «Рахат» АҚ Директорлар кеңесі жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, 2018ж. 04 қыркүйекте «Рахат сауда үйін» ерікті түрде жою туралы шешім қабылдады. «Рахат» АҚ-ның өндіріс және сауда қызметіне бұл шешім ешқандай ықпал етпейді, кәсіпорын қалыптасқан тәртіппен жұмысын жалғастыруда.