09.05.2015

Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңы

Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында «Рахат» акционерлік қоғамы Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне қайырымдылық шарасын өткізді. 350-ге тарта ардагерлер мен тыл еңбеккерлерін компания басшылығы шын жүректен құттықтап, оларға мерекелік сыйлық жиынтықтарын тарту етті. Бұл ілтипат бізге бейбіт өмір мен азаттық аспанын сыйлаған Ұлы Жеңіске деген құрмет пен алғыстың белгісі болды.
«Рахат» АҚ-ның, Алматы қалалық Әскери –теңіз флоты мүгедектері мен соғыс ардагерлері кеңесінің, Медеу аудандық Ардагерлер ұйымы кеңесінің, фашизм құрған ерiксiз ұстау орындарының кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары Алматы қалалық ұйымының, қоршаудағы батыр-қала Ленинград тұрғындары Алматы қалалық ұйымының ардагерлеріне сыйлықтар берілді.