01.02.2015

SM-2015 – кондитерлік өнімдердің 45-інші халықаралық көрмесі

2015ж. 1-4 ақпан аралығында Кельн қаласында көп экспоненттер қатысқан ISM-2015 – кондитерлік өнімдердің 45-інші халықаралық көрмесі өтті.Keln2  Осы жылы тәттілерге арналған әлемдегі аса ауқымды және ең маңызды жәрмеңкеге 70-тен аса елден 1500-ден астам экспонент ат басын тіреді. Әлемдік кондитерлік өнім өндірушілер үшін бұл көрменің маңыздылығына дәлел болатындай көрмеге қатысушылардың арасында ірі компаниялар да болды. Нарық көшбасшыларымен қатар шағын және ортанқол компаниялар да сан алуан өнімдерді – шоколад пен кондитерлік өнімдермен қатар жеңіл де тойымды басытқылардың барлық түрін ұсынды.

Keln3 Кондитерлік өнім өндіретін әлемдік жетекші компаниялармен бірге айтулы көрмеде «Рахат» АҚ өз өнімдерінің ауқымды экспозициясын қатарынан 9 жыл кеңінен көрсетті.Көрме алаңында көптеген фирмалармен және компаниялармен қызықты кездесулер мен әр түрлі бағыт бойынша басқосулар өтіп, келіссөздер жүргізілді. Моңғолиядан келген жаңа серіктестермен алдын ала уағдаластық жасалды.

«Рахат» АҚ жоғары сапалы кондитерлік өнімдер – шоколадтар мен алуан түрлі салмалары бар кәмпиттер, карамельдер өндіруші ретіндегі өзінің атағы мен беделін бұл жолы да растай түсті.Keln4  Осы бүкіләлемдік форумда біздің мамандарымыз кондитерлік өнеркәсіптегі тың әзірлемелермен және кондитерлік нарықтың дамуындағы жаңа бағыттармен, әлемдік кондитерлік өнеркәсіптегі жетекші фабрикалардың тәжірибелерімен танысты, сондай-ақ біздің жетістіктерімізді жариялап, өз тәжірибелерін ортаға салды.

Keln5 Көрмеге келушілер фабрикамыздың алуан түрлі өнімдерінен дәм татты.